Жамбыл сыйлығының су жаңа лауреаттары

Алматыда Халықаралық Жамбыл сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты жиын болып өтті.
Халықаралық Жамбыл Жабаев қоғамдық қорының қолдауымен тағайындалған бұл атаулы сыйлық біраз жылдан бері жыр алыбының рухани мұрасын насихаттауда үлес қосып, қазақ мәдениеті мен өнері саласында елеулі табыстарға жетіп жүрген азаматтарға беріліп келеді. Биыл аталған сыйлықтың иегерлері тағы алты адамға толықты. Су жаңа лауреаттардың арасында елге есімі танымал журналистер Жұмаш Арғынбаев пен Талғат Сүйінбай, белгілі фотосуретші Нұрманбет Қизатұлы, айтулы ақын Болат Шарахымбай, киноактер Байғали Есенәлиев, киносценарист Семетай Шормақов, шежіре жинаушы Асқар Селеубаев бар.
Жиын соңында белгілі жазушы, жамбылтанушы Нағашыбек Қапалбекұлы, Халықаралық Жамбыл Жабаев қоғамдық қорының төрағасы, ақын Манарбек Ізбасар сөз сөйлеп, әріптестеріне ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс тіледі.
Лаура Қасымбек

(13)