mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ұстаздар күні құтты болсын!

Алдымыздағы қазан айының 1-іне дәл келіп отырған «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында, білім саласында еңбек етіп жүрген көптеген қызметкерлердің еңбектері еленіп, марапаттарға ұсынылып жатқаны көңіл қуантады. Сондай ұстаздар қатарында Алматы қаласы, Әуезов ауданы № 134 балабақшасының меңгерушісі Аменжаева Ұлтай Масипқазықызы да бар. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, 33 жыл ғұмырын бала тәрбиесі ісіне арнаған балабақша басшысы қалалық, аудандық білім саласы басшыларының қолынан «Білім саласының үздігі» төсбелгісін омырауына тақты. «Бұл маған ғана емес, ұжымға, бүкіл әріптестеріме көрсетілген құрмет деп түсінемін. Еңбегімізді ескерген білім саласының басшыларына рақмет!» — дейді балабақша меңгерушісі Ұлтай Аменжаева.
Біз де газетіміздің жанашыры Ұлтай Масипқазықызы мен ұжымдас әріптестерін, сонымен бірге бүкіл «Ұстаз» деген ұлы мамандық иелерін, алдағы келе жатқан төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасылық бақыт, зор денсаулық, шабыт пен шаттық, қажымас қайрат тілейміз!
Халықаралық
«Қазақстан-заман» газетінің ұжымы

(55)