mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Министрлік энергия бағасының арзандайтынын айтты

ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиев: «Бізде 140 шағын компания энергия жеткізумен айналысады. Олардың иелігіндегі электр желілер де үлкен емес, ұзаққа созылмайды. Негізі, қуат көздерін тұтынушыға жеткізу саласында осы іспетті шағын компаниялардың көптігі энергияның соңғы бағасына қатты әсер етеді де, соңғы бағаның қымбат болуына себеп болады. Қазақстан үшін ол — үлкен проблема. Аталған мәселеге байланысты ағымдағы жылы маусым айында “Электрэнергетика туралы” Заңға өзгерістер енгізілген болатын. Аталған құжат бойынша қуат көздерін жеткізуге қатысты талаптар күшейтілді. Осының нәтижесінде шағын компаниялар ірі кәсіпорындармен бірігеді деген жоспар бар. Осылайша, энергия жеткізу тізбегі барынша қысқаруы қажет. Шығындар азаяды. Демек, xалық үшін электр энергия арзандауы тиіс», — деген ақпарды алға тартты.

(2)