mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бішкек наразылығына Астана жауап берді

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан СІМ-не Елбасы Н. Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне үміткерлердің бірі Өмірбек Бабановпен кездесу өткізгеннен кейін осы елдегі ҚР істеріне уақытша жауапты Рымтай Кәрібжановқа наразылық НОТА-сын тапсырған-ды.

Онда: «Қырғызстан СІМ аталған кездесуді мемлекеттің ішкі ісіне қол сұғу деп бағалайды. Министрлікке Қазақстан басшысының аталған үміткерге қолдау көрсетуге ниет білдіргендігі ұнамайды. Бізге досжар Қазақстан басшысы Қырғызстанның ішкі ісіне араласпаймын дегенімен, оның сөзі қазақстандық жақтың Қырғызстанның болашақ президентіне іш тартатындығын көрсетеді», — делінген. Іле-шала Қазақстан да Қырғызстанның СІМ-іне НОТА жолдап, оны Қазақстандағы ҚР істеріне уақытша жауапты өкілге табыс еткен. Онда: «Мемлекет басшысының әр елдің көрнекті саяси қайраткерлерімен және саяси партия жетекшілерімен олардың өтініші бойынша кездесу өткізуі толығымен халықаралық тәжірибеге сай келеді. Мұндай шаралар ашық, транспарентті сипатқа ие және БАҚ-тарда кеңінен жарияланады. Мемлекет басшысы дәл осындай кездесуді Қырғызстан президенттігіне үміткер экс-премьр министр Сооранбай Жээнбековпен де өткізді. Алғашқы кездесуде Қазақстан Президенті ҚР президенттігіне үміткерлердің ешқайсысына қолдау көрсететіндігін айтқан жоқ. Керісінше, бауырлас қырғыз халқы сенім білдірген кез келген үміткермен тиімді қарым-қатынас жасауға дайын екендігін білдірген. Осыған байланысты, Қырғызстан жағының кездесуді елдің ішкі ісіне қол сұғу және ҚР халқының таңдауына ықпал ету деп бағалаған күмәндеріне үзілді-кесілді қарсылық білдіреміз», — делінген.

(7)