mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қытай консулдығында шыққан жанжалдың себебі

КТК арнасы: «Алматыдағы Қытай консулдығында тағы да жанжал шықты. Екі айлап мекеменің табалдырығын аттап баса алмай жүрген отандастарымыз консулдықты айналшықтаудан әбден шаршаған. Олардың осылай тентіреп жүргеніне екі айдан асқан. Күнде таңғы төрттен осында беттегенімен, кешке табалдырық аттамастан кері қайтады екен. Виза үшін өзге қаладан келгендер көп. Кейбірі, тіпті, далада түнеуге мәжбүр. Осы жағдайдың кесірінен шетелдегі туған-туысқандарының өлім-жітіміне барып, оларды ақырғы сапарға шығарып сала алмағандар жетерлік»,— деп хабарлайды. Ашынған жұрт: «Алматы қаласындағылар, жарайды, келеді-кетеді. Жақын жер. Онда да жұмысын тастайды. Уақыты кетеді. Ал, енді Талдықорғаннан, Ұзынағаш жақтан келгендер бар. Олар қайтеді? Бұл мекеме қалың жұртшылықты осылайша қашанға дейін далада түнеуге мәжбүр етуін доғарады? Есік алдындағы күзетшілердің қолына ақша қыстырғандар консулдық табалыдрығын аттау бақытына ие болады. Күзетшілер мұны бизнеске айналдырып, шаруаларын дөңгелетіп отыр»— дейді реніштерін жасыра алмай.  Әлгі күзетшілер мұны жала дегенімен, олардың жұрттан ақша алатынын растаған Қытай консулдығындағылар: «Мұндай жағдай бұрын да тіркелген. Соған орай, күзетшілер бірнеше рет ауыстырылды. Бірақ, бірінің айласы бірінікінен асып түсуде. Әйтпесе, мына ғимараттың ішіндегі жұмыс қалыпты жүріп жатыр. Қараша халық тұрмақ, пайдақор күзетшіден біздің өзіміз әбден шаршадық. Сондықтан, мамырда Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің Алматыдағы өкілдеріне хат жолдадық. Онда жұрттан ақша жинап, оңай пайданы көздеген азаматтармен күресуді өтінгенбіз. Алайда, бес айға жуық уақыт өтсе де қос ведомства үнсіз отыр. Әзірге солардан жауап күтіп отырмыз»,— дейді. Жанжал қалай шешімін таппақ?

(28)