mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жоба бюджетке салмақ түсірмейді

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету жобасы қаралды. Жиында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев: «Ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету жобасы бюджетке салмақ түсірмейді. Себебі, бұл жұмыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүргізіледі. 2020 жылға дейін бұл проблема толық шешіледі. Бүгінде Қазақстанда 122 қала мен 1200 ауыл жылдам интернетке қосылған. Ал, 2020 жылға дейін 1700 ауылдық елді мекеннің 2 миллион  тұрғын халқы сапалы интернетке қол жеткізеді . Жобаны жүзеге асыру барысында бірнеше нұсқалар қаралды. Алайда сала мамандарымен ақылдаса келе, сервистік келісімшарт, яғни ұзақ мерзімді қызмет көрсету моделі таңдалды. Мемлекеттік қолдау ретінде мұнда ұзақ мерзімге қызмет көрсету бағыты таңдап алынды»,— деді. Мұнан кейін жобаның қалай жүзе асырылатынын түсіндірдген ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов: «Аталған жоба бойынша конкурсты ұтып алған инвестор 3 жыл ішінде тоқсан сайын желіні пайдалануға беріп отырады. Осылайша, ол жоспарға сәйкес барлық елді мекендерді желімен қамтамасыз етеді. Желілер оның балансында қалады. Желіге қызмет көрсету үшін мемлекет 14 жыл бойы кепілдендірілген сатып алынатын қызметтерді ұсынады. Осылайша бюджетке салмақ түспейді. Ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету жобасына кеткен қаражат ұзақ мерзімді тарифтердің есебінен қайтарылады. Көрсетілетін қызмет түрлеріне төлем 10-14 жыл арналған ұзақ мерзімді тарифтен алынады. Қазіргі таңда біз негізгі аспектілерді талқылап жатырмыз. Жергілікті атқарушы билік, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен біздің министрлікке елді мекендердің тізімін нақтылау керек. Екіншіден, 10-14 жылға арналған мерзімді тарифтің бағасын анықтау қажет. Бұл жерде техникалық және технологиялық сұрақтарды шешу шарт»,— деген уәжді алға тартты.

(2)