mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бөлінген қаражат игерілмей жатыр

ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында депутат Нұртай Сәбильянов тендер арқылы қомақты қаражат ұтып алып, жұмысты сапасыз істеген «Еңбек» РМК-нің Семейдегі бөлімшесін сынға алып: «Аталған кәсіпорынның материалдық-техникалық жағдайын сөзсіз жақсарту керек. Бірақ осы «Еңбектің» өңірлердегі филлиалдарының істеп жатқан жұмыстарына көңіліміз толмайды. Оларға салықтық жеңілдіктер берілді. Мемлекеттік сатып алулар заңына өзгерістер енгізілді. Бір көзден сатып алу берілді. Осыны олар асыра пайдаланып жатыр. «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына тиесілі «Еңбек-Семей» филлиалы сапасыз жұмыс істейді. Осы филиал Аягөз ауданы бойынша 15 ауылда абаттандыру, жарықтандыру жұмыстарын әрі балаларға арналған ойын алаңдарын тұрғызу бойынша құны 150 млн теңгеге 2016 жылы тендер ұтып алған. Мен сол жаққа барып, атқарылған жұмысты өз көзіммен көрдім. Мысалы, Барша ауылында (ШҚО) ойын алаңы салынған. Алайда ол балалар ойнайтын алаң емес. Ал, Ақши ауылында (ШҚО) жарықтандыру жүргізілген, бірақ бағаналар құлап жатыр. Аталған олқылықтар қайталанбас үшін мемлекеттік сатып алулар туралы заңға өзгерту енгізіп, бір көзден сатып алуды тоқтатуымыз керек. Себебі, бұл шалғай ауылдарға 10 жылда 1 рет бөлінетін бюджет қаржысын тиімді игеруге жол ашады. Егер сол қаржылар тиімді жұмсалмаса, дұрыс пайдаланылмаса, соны ұтып алған «Еңбек-Семей» секілді кәсіпорындарға неге біз жеңілдіктер беруіміз керек? Мен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан бұл мәселені жеке бақылауына алуды сұраймын. «Еңбек-Семей» кәсіпорнына істеген бүкіл жұмыстарды өз есебінен қайта жасату қажет. Ана ауылдағы жасалмаған жұмыстарды қайта іске қоссаңыз. Өйткені, ол жақтағы халық атқарылған жұмыстарға ренжулі. Мүмкін әкімдердің арасында аталған кәсіпорындармен байланыс бар шығар. Мен білмеймін. Осыны өздеріңіз қарап, тиісті нәтиже шығарсаңыздар»,— деді. Өз кезегінде аталған деректердің болғанын растап, бұл олқылықтарға жол берген басшылардың тиісті жазасын алғанын атап өткен Қалмұханбет Қасымов: «Біз аталған фактілерді анықтадық. Мұнда олар жұмысты суб-құрылтайшыдан алған. Қазір біз оларға өздерінің қолынан келмейтін жұмысты істеуге тыйым салдық. Сондай-ақ, негізгі «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшысын жұмыстан шығардық. Ал 13 басшыны жауапкершілікке тарттық. Әрине, өз қызметін асыра пайдалану дерегі бар»,— деп мәлімдеді.

(8)