mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Астанада күзетшілер мен құрылысшылар төбелесті

Астанада жоғары оқу орнының аумағында құрылысшылар мен күзетшілер төбелесті. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берген ІІД: «Инстаграмда жарияланған видеода елордалық университет аумағында ондаған адамның төбелесіп жатқаны түсіп қалған. Видеодан айғайлаған дауыстар мен балағат сөздер естіледі. Бейнежазба авторы күзетшілер мен жұмысшылардың жаға жыртысып қалғанын айтты. Екі жұмысшы (Қазақстан азаматтары) құрылыс нысанының күзетшілері тарапынан жарақаттанғанын айтып шағымданды. ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама белгіленді. Күзет қызметкері мен жұмысшылар сөзге келіп қалып, оның арты кейін төбелеске ұласқан. Күдіктілер анықталды, жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,— деп хабарлайды.

 

(2)