mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Алматы әкімдігі жер телімдерін сатып алуда

Алматы қаласы әкімдігі Құлжа тас жолындағы жол айрық үшін сүрілуі тиіс 30 нысанның тек екеуін сатып алуға 550 миллион теңге жұмсаған. Бүгінде 9 жер телімі сатып алынса, қалғанын келер жылдың жазына дейін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Алайда, кейбір қожайындар жер тым арзанға бағаланып жатқанына наразы. Солардың бірі, құны 30 миллиондық жері жарты құнына бағаланған  Бақыт Үсенов: «Әр нысанға берілетін сома мөлшері әртүрлі. Жанармай бекеті, мейрамхана сынды ғимараттардан бөлек, мұндағы жердің басым бөлігі бос жатыр. Бірақ, нарықтағы бағасын жол айрығы үшін жоғалтқан ұсыныс көбіміздің көңілімізге қонбайды. Менің -бағалаушылардың бағасына көңілім толмайды. Өйткені, олар нарықтағы бағадан төмен бағалап жатыр. Ал қазір жер қымбат. Негізі нарықтағы баға бойынша бір сотық жерім 3 миллион теңгеден болуы керек-ті»,— деп назаланса, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Самамбетов: «Нарықта 1 сотық жер 10 мың АҚШ доллары тұрады. Бірақ, біз онымен санамаймыз. Заңда басқа форма бар.  Тиісті құжатты берген кезде келісімшартты береміз. Соның ішінде құны жазылады. Келіскендер келісім береді. Келісімшартқа қол қойып, сатып аламыз. Егер келіспесе, мәселе тек қана сот арқылы шешіледі»,— дейді. Жер телімін сатып алу жұмыстарына республикалық бюджеттен 500 млн теңге бөлінсе, жергілікті билік қазынасынан 765 млн теңге қарастырылған. Бүгінде бұл істің 30 пайызы аяқталыпты. Қаржы жетпесе, мердігерлер жергілікті билік пен республика қазынасынан тағы қаржы сұрамақ. Мақсат — 2019 жылдың аяғында жол айрықты іске қосу. Әкімдік бір жанармай бекетін 300 млн теңгеге сатып алса, мейрамхананы 250 млн теңгеге бағалаған. Жол жұмыстары жанданса, әлгіндей мемлекеттік қажетке жатқызылған телімде тұрған ғимараттардың барлығы сүрілетін болады.

(7)