mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қытай: Бейжің билігі исламды қаралауға тыйым салды

Қытай билігі әлеуметтік желідегі исламға қарсы жазбаларға қатысты күтпеген шешім қабылдады. Мемлекет қаржыландыратын ақпарат көзі: «Исламофобиялық терминдер қытай әлеуметтік желісінде билік тарапынан бұғатталып тасталды. «Ойдан шығарылған терминдер» туралы айтылғанда қытай билігі «жасыл дін» және «бейбіт дін» сөз тіркестерін қаперге алып отыр. Яғни, бұл терминдерді исламофобтар жазадан жалтару үшін ғаламторда қолданады. Ендігі жерде Weibo-дан іздегендер бұл сөз тіркестерін таба алмайды»,— деп хабарлайды. Қытай билігінің мұндай қадамға баруына қолына плакат ұстаған мұсылман ер адамның ақылы жолға қатысты наразылығы бейнеленген видеоның ғаламторда таралуы себеп болған. Шулы видеодан кейін мұсылмандарды жаппай қаралау етек алған.

(24)