2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясындағы Алматы қаласы кәсіпкерлігін қолдау Картасы бойынша анықтама

Алматы қаласы кәсіпкерлерін қолдау Картасына 100 жоба кіреді (34 жоба Индустриялық аймақта, 4 жоба СЭЗ «ПИТ» және 7 жоба шетелдіктердің қатысумен), олардың құны эксплуатация кезеңінде 11690 жұмыс орнын құрумен 190,5 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі күні 2727 жұмыс орнын құрумен құны 35,6 млрд. теңге тұратын 33 жоба іске қосылған. 2015 жылы 269 жұмыс орнын құрумен құны 4,7 млрд. теңгелік 7 жоба іске қосылды. 2016 жылы 2245 жұмыс орнын құрумен құны 30 млрд. теңгелік 20 жоба іске қосылды. 2017 жылы 2422 жұмыс орнын құрумен құны 59,7 млрд. теңге тұратын 28 жобаны іске қосу жоспарланған. Солардың құны 917 млн. теңге тұратын 6 жобасы іске қосылды («САЛАВАТ-БС» ЖШС, «Каз СПО-N» ЖШС, «Қазақстандық тігін компаниясы» ЖШС, «Альянс» ЖШС, «КЕДР-7» ЖШС, «Royal Food» ЖШС). 9243 жұмыс орнын құрумен құны 155 млрд. теңге тұратын 67 жоба іске асырылу кезеңінде.
Анықтама:
*2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Алматы қаласында енгізілген жобалар арқылы 41 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
*салықтық бөлулер 2,1 млрд. теңгені құрады;
*Алматы қаласының өнеркәсіптік көлемінің үлесі 5,9 пайыз болды;
*қайта өңдейтін өнеркәсіптің үлесі 7,7 пайызды құрады.
Картаға енгізілген жобалардың жоспарлық қуатының күшіне үнемі бақылау жасалады. Барлық жобалар жоспар бойынша жұмыс істейді (70 пайыздан астамы). Әрбір жоба бойынша өткір мәселелер қарастырылып отырады, соның ішінде жер теліміне қатысты процедураны шешуді жеделдету, құрылысты заңдастыру, сондай-ақ, оларды қаланың электр және сумен қамтамасыз ету желілеріне қосу мәселелері де бар.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

(24)