Қасқырдың қайсысы жеңімпаз?

Ертеде бір қария немересіне: «Бүгін саған дүние ақиқатының бір қырын ашып көрсетейін», — дейді. «Әрбір адамның ішінде екі қасқырдың арпалысы секілді үлкен соғыс жүріп жатады.
Қасқырлардың бірі іштарлық, өзімшілдік, тәкаппарлық секілді жаман қылықтардың мысалы болса, екіншісі мейірім. Кеңпейілдік, кешірім, ұстамдылық секілді жақсы сипаттардың мысалы іспетті».
Бозбала атасының сөздері ауыр мағыналы болғанына қарамай түсініп, үлкен әсер алады. Сосын: «Ең соңында қай қасқыр жеңіске жетеді?» — деп сұрақ қояды. Сонда атасы күлімсіреп: «Әрдайым тамақ беріп, азықтандырып отырған қасқырың жеңіске жетеді», — деген екен. Оның мәнісі: адамның нәпсісі мен иманы әрқашанда күрес үстінде болады, адамның өзі қайсысына жақтасса, сол жеңеді дегенге саяды.

(18)