mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

«Қазақстан — 2050: «Ауыл — рухани жаңғырудың қайнар бұлағы»

«Нұр Отан» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және халықаралық «Қазақстан ZAMAN» газеті мен «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты, «Қазақ радиосының» бірлескен экспедициясы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сапарға шығады
Қадірлі ауылдастар!

Биыл Президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бүкіл елімізді дүр сілкіндірді. Біздіңше, бұл Рухани жаңғырудан ауылдарымыз да шет қалмақ емес. Біз де биылғы экспедициямыздың тақырыбын осы тақырып аясында жүргізуді мақсат еттік. Республикамыздағы 7232 ауылдың 3750-і аяғына нық тұрған. 2500-і орташа жағдайдағы, 1000-ының болашағы жоқ шағын ауылдар. Қазақстанда ауылды жандандыру, жаңғырту туралы бағдарлама жасауға Елбасымыз тапсырма берді.
Елбасымыздың бастамасымен Ұлт жоспары: «100 нақты қадам» атты бағдарлама жасалынып, қазір ол өмірімізге нық қадам басты. Осы бағдарламада ауылға да зор мән берілгенін байқаймыз. Ұлт жоспарындағы 98-қадамда айтылған, көтерілген, нақты қойылған мәселе тікелей ауылға арналған.
Бұл 98-қадамның маңызы неде? Осы қадам арқылы ауылымыздың болашағына, тағдырына нақты не істей аламыз? Жергілікті өзін-өзі басқару және оның бюджетін жасау. Бұл ауылдарда, ұжымдарда, кейбір салаларда, қалаларда қолданылып, өзіндік жемісін берген әдіс. Яғни әбден сыналып барып, осы нақты жүз қадамның бірі болып батыл түрде енгізілгенін көріп отырмыз. Сонымен, бұл қадамның маңыздылығы неде?

Сонымен,
құрметті ауыл жанашыры!

«Қазақстан — 2050: Мәңгілік ел» стратегиясында Президентіміз «Ауылды қайта жаңғыртайық!» деген алға қойған жарқын мақсат пен міндет тұр. Қалай жаңғыртамыз, оны бүгін бастамасақ, ертең кеш болады. Осы үндеу аясында сіздерге ой тастау мақсатында бірнеше қағидаттарды назарларыңызға ұсынып отырмыз.
1. «Оян, қазақ!» демекші, алдымен өзіңіз, ауылдың әрбір азаматы оянып, дүр сілкініп «Бұл — тек менің ауылым! Осы туған ауылыма не істей аламын?» деген көзқарасты, жаңашылдықты сенімді, жауапкершілікті жүрегімізге ұялатайық.
2. Ауыл ажары алдымен сіздің үйден басталуы тиіс. Үйіңіздің сыртқы келбетіне көз жүгіртіңіз. Ағаш, гүл егілген бе? Тазалық қалай? Қақпа, дуал, қоршаулары қалай?
3. Көшеңіз қалай? Асфальттанған ба? Шашылып жатқан күл-қоқыстар жоқ па? Су құбыры, газ тартылған ба?
4. 98-қадамдағы Өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру өзіңнің қолыңда, қадірлі ауылдас. Қашанда ауылда белсенді азаматтар мен азаматшалар болған, әлі де бар деп білеміз. Тек белсенді ғана емес, қолынан іс келетін, адал, тәртіпті, ойын ашық айта білетін азаматтар бас қосып, Өзін-өзі басқару тобын құрған жөн. Бұл қоғамдық топ әкіммен біте қайнасып жұмыс істеуі тиіс.
5. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған салт-дәстүрлеріміздің айнасы осы — ауыл. Бұл құнды мәселе шынында да ауылдан бастау алуы керек. Жастарымызды салт-дәстүрлерімізбен сусындатып, дінімізбен нұрландырып, тіліменен байытып, Отанымен мақтаныш тұтқыза білсек. Арақ-шарапты жолатпай, салауатты өмірге үйренсек, ауылға береке келеді. Ол үшін рухани жағынан жаңғыруымыз керек.
6. Мектеп түлектері қашанда ауылымыздың жарқын болашағы. Осы алтын бесігімізде тәрбиеленген ұрпағымыздың өз ауылына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту — басты парызымыз. Осы тұрғыда тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп бәйге жарияладық. Бұл бәйгенің басты мақсаттарының бірі — ауылдың жарқын болашағын жасау. Ұстаздарымыз осы бәйгеге жаппай қатысады деп сенеміз.
7. Ауылдың әрбір тұрғыны, отбасысы — ең үлкен байлығымыз. Кедей отбасыларға ауыл болып көмектесу, қасіретке ұшырағандарға демеушілік жасау — әрбіріміздің парызымыз. Өйткені береке-бірлік те, бақ пен рух та отбасынан, балабақша мен мектептен басталады. Енді тағы бір айтатын мәселе — туған ауылынан сыртқары жүрген азаматтармен де құрылған топ байланысты үзбей, олардың демеушілігіне жүгіну қажет.
Қадірлі ауылдастар! Біздің ауылымыз мемлекетіміздің іргетасы іспеттес. Әрбіріміз ауылымызды көтеруге, оның шаңырағының биік болуына үлес қосуға міндеттіміз. Сонда ғана ауыл өмірі көңілді, ондағы әрбір отбасы да нұрлана түспек. Кәнеки, осы айтылғандарды, көтерілген көкейтесті мәселелерді жерге қалдырмай, іліп әкетейік. Ауылымыздың шаңырағы биіктеп, мәртебесі ассын!
Экспедицияның мақсаты:
1. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау.
2. «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағдарламасы мен «Қазақстан — 2050», «Мәңгілік ел» стратегиясы және басқа да үкіметтік шаралар ауылдарда қалай жүзеге асып жатыр?
3. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі тарихи көрнекті ескерткіштерде болу, қазақтың салт-дәстүрлерін зерттеп, зерделеу.
4. Ауылға деген мемлекетіміздің қамқорлықтары, сондай-ақ ондағы жаңашылдықтар, жаңалықтар, жетістіктер, кәсіпкерлердің толағай істерімен танысып, оны газетімізде кеңінен көрсету.
5. Жаңа типтегі ауылдардың ерекшеліктерін, сонымен бірге көкейтесті мәселелерді қаузап, оларды газет арқылы үкіметке жеткізу.
6. Экспедиция соңында осы айтылған, көрген, білген, түйген жайлар төңірегінде Астанада Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мамандар қатысқан дөңгелек үстел өткізіледі.

Экспедицияға қатысушылар:
1. «Нұр Отан» партиясының жергілікті өкілдері, ҚР Ауыл шаруашылығы облыстық басқармаларының басшылары.
2. «ҚАЗАҚСТАН ZAMAN» газетінің Бас директоры, «ЕлАна» сайтының Бас редакторы, Журналистер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы. Газеттің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі Ертай Айғалиұлы, газет Бас редакторының бірінші орынбасары, ақын Жанбақыт Борантаев, «Қазақ радиосының» облыстағы журналистері, «ҚАЗАҚСТАН ZAMAN» газетінің меншікті тілшілері.

(115)