mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Николай ислам дінін қабылдап, сүндет тойын өткізді

Шымкентте қазақ тілін жетік меңгерген орыс ұлтының 21 жастағы өкілі Николай Путилин ислам дінін қабылдады. Жас жігіттің бұл шешімі әкесіде, анасы да орыс әрі ешбір туысы ислам дінін қабылдамаған әулеті үшін тосын жаңалық болыпты. Сосын ол журналист ағасының кеңесімен «Айқап» деген мешітке барыпты. Ондағы имам Әлімжан оған ислам дінін кеңінен түсіндіріп, уағыз айтыпты. Кейін тілін кәлимаға келтіріп, дінді қабылдаған Николай есімін азан шақыртып өзгертпепті. Имамның айтуы бойынша, ислам дінін қабылдаған адамның өз есімі діни тұрғыда мағынасы болмаса, атын өзгерту шарт емес екен. Бұл шешімі туралы су жаңа мұсылманның өзі: «Мен бала күнімнен мешіттерде шақырылатын азанды тыңдап өстім. Керемет әсер беретін. Есейе келе мұсылман атану туралы ой мазалап жүрді. Бірақ түпкілікті шешім қабылдамадым. Діни кітаптар оқып, сауатымды аштым. Ислам дініне деген құштарлығым күн санап артты. Мектепте оқыған кезімде орыс, кәріс жігіттермен жақын араластым. Уақыт өте ортам қазақиланды. Қазіргі таңда араласатын бауырларымның барлығы мұсылмандар. Олар менің шешімімді қолдап, «енді нағыз бауырымыз болдың» деп ақ тілектерін әлі де жаудырып жатыр. Мұсылман атанған соң сүндетке отырып, кішігірім той да өткізіп тастадым. Ислам діні керемет қой. Өзіңді мұсылман сезіну тіптен тамаша. Егер мұсылман атануды ойлап жүрсеңіздер, алдымен діни сауатты ашу керек. Одан кейін барып бес парызды орындаған абзал. Себебі сауаттылық болмаса, жат ағымның етегінде кету қаупі бар. Бастысы — мешіттерге жиі бас сұғып, имамдардың уағызын тыңдаған абзал. Ислам дінін қабылдауым өміріме үлкен оңды өзгеріс әкелетініне сенімдімін. Соның ішінде жар таңдарда да көмегі болады деген ойдамын. Алла тағаламның қалауымен иманды қыз жолықса деген ниетім бар. Енді жыл сайын ораза ұстап, намазға жығылсам деген ниеттемін»,—  дейді.

(18)