mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Өзбекстан: Миллиардер Патох Өзбекстанды жарылқамақшы

Өзбекстан билігіне Шавкат Мирзияев келгелі бері тарихи отанымен түрлі кәсіптер ашушы, қайырымдылықпен айналысушы өзбек миллиардерлері көбейіп кетті. Қазақстанда ресми миллиардер деп танылған кәсіпкер Фаттох Шодиев Өзбекстанда өз қорын құруды көздеп отырған көрінеді. Аталған елдің Әділет министрлігі Шодиевтің Халықаралық қорының Өзбекстандағы бөлімін тіркеді. Министрлік сайтындағы мәліметке қарағанда, қор бөлімі Өзбекстан аумағындағы балалар үйлеріне гуманитарлық және денсаулық жағынан көмек береді. Дереккөз: «Фаттох Шодиев Өзбекстандағы кәсібін Мирзияев билік басынан келгеннен кейін бастаған. Биыл ақпанда өзбек басшысы барып көрген Ташкент металлургия зауыты Шодиевке тиесілі. Өзбекстан үкіметі мақұлдаған Tashkent City жобасын да Шодиев жүргізеді. Бұл жобаның құны — 1 миллиард доллар. Қазір Фаттох Шодиев Ташкентте жүр. Өзбекстанның бүкіл байлары соның қасынан шықпайды. Ол Ташкент орталығында 20 қабатты екі сауда орталығын салуды көздеп отыр»,— деп хабарлайды.

(6)