mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Әлеуметтік саланың қорғаныстан несі кем?

Қазына ақшасына жауапты министрлер үш жылдық бюджетті мәжіліске таныстырғанда, депутаттар шенеуніктердің аяқасты әскерге ерекше көңіл бөлуіне таң қалды. Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа: «Денсаулық сақтаудан басқа әлеуметтік салаға бөлінетін ақша 25 пайызға дейін төмендеген. Ал қорғанысқа бөлінген қаржы келесі жылы 20 пайызға, 2020 жылы 57 пайзыға артқан. Халықаралық жағдайға қарасақ, елімізге аса қауіп төніп тұрған жоқ. Мұны қалай түсінеміз? Сонда әлеуметтік саланың қорғаныстан несі кем?» —  деп сауал қойды. Бүгін-ертең елімізге жау шапқалы жатпағанын мойындағанмен, келесі жылы әскерилердің жалақысы 25 пайызға артатынын алға тартқан министр: «Офицерлердің еңбекақысын көбейту үшін бюджеттен артық миллиондар бөлінеді. Соның есесіне біз білім беру, мәдениет саласына қаржыны 25 пайызға дейін қысқарттық»,— деп ақталды. Бірақ, мұндай үнемдеу депутаттарға мүлде жақпады. Министрлер үш жылдық бюджетті мұнайдың бағасы 45 доллар, ал АҚШ ақшасының теңгеге шаққандағы бағамы 340 теңге болады деп есептепті. Соған қарағанда, үкімет квазимемлекеттік мекемелер жылда игере алмайтын бюджеттің миллиондарын тиімді  жұмсаудың жолын тапқан сияқты. Ол үшін Ұлттық экономика министрі Бюджет туралы кодекске өзгеріс енгізген.  Сөйтіп құзырлы орган ұлттық компаниялардың шотында бос жатқан қаржыны мемлекеттік акция сатып алу арқылы қайтармақшы екен.

(9)