mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Үшінші жаңғырудың өзегі — цифрландыру

Цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен жылдың басындағы Жолдауымда біз үшінші жаңғыруға кіріскенімзді айтқан болатынмын. Бірінші жаңғыру, ол біздің барлығын басынан бастағанымыз. Біз сол кезде социалистік экономика түрінен капиталистік экономикаға көштік. Жаппай жекешелендіру, адамдарға білім беру, ештеңе жоқ, жалақы мен зейнетақыға ақша жоқ. Дүкендер бос, 2 млн жұмыссыз, барлық кәсіпорындар тоқтап тұр. Бұл — бірінші жаңғыруымыз. Одан кейін біз 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасын әзірледік. Оны мерзімінен бұрын орындадық. Бұл — біздің екінші жаңғыруымыз. Ал қазір Қазақстанның тәжірибе, қаржы жинаған кезіне келіп отырмыз. Бүгінгі таңда биржалық тауарларға тәуелділіктен арылу үшін индустрияландыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Осылайша, үшінші жаңғыруға келіп отырмыз. Бұл жаңғырудың өзегі – цифрландыру болып табылады. Біз – мұнай, газ, металл және т.б. шикізат көздеріне бай мемлекетпіз. Бірақ соның арқасында ғана күн көрмеуіміз керек. Көріп отырғанымыздай, цифрландыру еліміздің, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың тұрмысын көтеру үшін қажет. Қуанышқа орай, бізде барлығы бар. Энергия, азық-түлік, ұлан ғайыр территория мен 100 пайыз білімді халқымыз бар»,— дей келіп,  алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталған мемлекет басшысы: «Біріншіден, бізге мемлекеттік органдар мен жеке меншік ұйымдар арасында өзара тиімді байланыс орнату қажет. Бұл жайында осы кеңесте жақсы айтылды. Бизнес сандық технологияларды кеңінен енгізу үшін тиісті жағдай жасауымыз қажет. Екіншіден, кадр дайындау міндеті тұр. Осы кеңеске дейін мен сандық технологиялардың көрмесінде болдым. Көрме жақсы ұйымдастырылыпты. Барлығы маған өз жобалары туралы баяндады. Мен қатты қуандым. Себебі, баяндамашы өзінің не айтып тұрғанын түсінді. Бұл – үлкен артықшылық. Демек, оның жобадан хабары бар. Ол барлығын түсіндіре алады. Адам жаңа өнім туралы айтқан кезде оны қарапайым тілмен түсіндіре алмайды. Ал олар өздерінің не айтып тұрғанын білді. Сондықтан цифрлық сауаттылық сандық экономика үшін адамдардың біліктілігін көтеру өте маңызды»,— деді.

(18)