mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қырғызстан: Орыс тілін жақтаған депутаттың басы дауға қалды

Centralasian.org.: «Парламент депутаты Ирина Карамушкина вице-премьер Шолпан Сұлтанбекованың атына: «Конституцияға сәйкес, біз — зайырлы демократиялық мемлекетпіз. Бірақ мен кейбір елдерде 5 мемлекеттік тіл барын білемін, оларда ешқандай наразылық жоқ. Мысалы, атақты жазушымыз Шыңғыс Айтматов: «Қырғызстан — бұл екі қанатын бірдей қағып биікте ұшатын құс. Бұл қанаттары орыс және қырғыз тілі»,— деген еді ғой. Ендеше, біз де өз елімізде қырғыз және орыс тілін мемлекеттік тіл етіп жарияласақ деген ұсынысын айтты»,— деп хабарлайды. Вице-премьер Шолпан Сұлтанбекова бұл ұсынысқа: «Бұл — үлкен саяси мәселе. Аудан және облыс өңірлерінде қырғыз тілімен проблема жоқ. Онда керісінше, орыс тілі өткір болып тұр. Біз қырғыз мемлекетіміз. Сол себептен қырғыз тілі біз үшін маңызды. Егер шенеуніктер қырғызша сөйлей бастаса, әрине, көп мәселе шешілуші еді»,— деп жауап беріпті. Еске салсақ, 2001 жылы Қырғыз Конституциясына орыс тілі ресми тіл болып өзгертілген-ді.

(16)