mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Депутат В.Косарев алыпсатарлыққа қарсы

Үкімет басшысының атына сауал жолдап, қымбат бағаға сай салық жүйесін енгізуді ұсынған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев: «Қазір көмір өз бағасынан екі-үш есеге қымбат сатылады. Сүт 55-60 теңгеден жиналады да, артынан дүкенде 210-270 теңгеге сатылады. Айран және басқа да осы іспетті өнімдерді 400-ден қояды. Ол өз бағасынан 6-7 есе артық. Осы саладағы тәртіптің болмауынан табыстың біраз бөлігі алыпсатарлардың қалтасында кетеді. Әсіресе, көкөніс саудасында алыпсатарлық көп. Мысалы, пияздың бір келісін өсіруге 11 теңге жұмсалса, картоп, сәбіз, қырыққабат пен басқа көкөністерге шамамен 20 теңге кетеді. Ал базарда баға он есеге шарықтап кетеді. Осы салада жұмыс істеп жатқан адамдардың жалақысы да әділ есептелмейді. Мәселен, кезінде Карл Маркс: «Егер жұмысшы өндірілген тауардың бағасынан 15 пайызға төмен жалақы алса, онда бұл — таза эксплуатация. Біздегі жағдай — 3-5 пайыз, ал көкөніс өсіру саласында аталған көрсеткіш 1 пайызға да жетпейді. Сондықтан, мен билікке қымбат бағаға сай салық жүйесін енгізу қажет деймін»,— десе, тағы бір депутат Аманжан Жамалов ҚР Ұлттық төрағасы Данияр Ақышевтің атына сауал жолдап, блокчейн мен криптовалюталар бойынша ведомствоаралық комиссияны құруды ұсынды. Коммунистер дәрі-дәрмектердің арзандайтынына сенбейтіндіктерін де айтты. Ал депутат Ертаев генерал Мұxтаровқа қатаң ескерту жасады. Колледж студенттеріне артық пәндерді тықпалау мәселесі де көтерілді.

(6)