mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

АҚШ: Д.Трамп Иранға қарсы қатаң шараларға бармақ

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы санкцияларды бұрынғыдан да қатаңдатуға қатысты шараларды қарастырып жатқан көрінеді. Бұл шараларды Ақ үй қожайынына осы елдің қорғаныс министрі Джеймс Мэттис, мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон бастаған ықпалды тұлғалар дайындап бермекші деседі. Сарапшылар: «АҚШ-тың Иранға қарсы бұл жолғы қолданатын стратегиясы Шам мен Сирия жерінде азаматтық соғысқа тартылған, Иранның қолдауына ие болып отырған шииттік қарулы топтарға қарсы қатаң шаралар қарастырылуда. Дәлірегі, Иран қолдау көрсетіп отырған Шам мен Сирия жеріндегі және соғыс жүріп жатқан Йемендегі, сондай-ақ, Бахрейндегі, Синай түбегіндегі, газа секторындағы шииттік қарулы топтардың жолын кесу, Иранның аймақтағы ықпалын азайту, қысқасы, қару-жарақпен, азық-түлікпен, т.б. қамтамасыз етуіне тосқауыл қоюды көздеп отыр»,— деген пікірде.

(2)