mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Сейсмикалық бақылау станцияларының жағдайы мүшкіл

Алматыда өткен сейсмология тақырыбына арналған халықаралық ғылыми конференцияда «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС бас директоры Мұхтар Қайдаров: «Қазақстан үкіметі сейсмикалық болжамдар мен зілзаланың алдын алу жайына тиісті назар аудармай отыр. Жер сілкінісі болжамдарын жақындататын бақылау бекеттерінің жағдайы өте нашар. Әсіресе, жер сілкінісіне бейім Алматы, Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарында сейсмикалық бақылау бекеттері жаңғыртуды талап етеді. Бұл мақсатқа Сейсмология институты мамандары 3,5 млрд теңге қажет деп отыр. Бірақ, көп жылдан бері бұл салаға бюджеттен тиісті қаражат қарастырылмай келеді. Қазақстанда 63 сейсмикалық станция тіркелген.  Ал аумағы Қазақстаннан әлдеқайда кіші Жапонияда 6 мың бекет жұмыс істейді. 5-6 жыл жыл болды, тіпті компьютер алуға үкімет ақша бермейді. Станция көбейсе, болжам да жақсы болады. Ол біздің көзіміз, көз болмаса, ештеңе де табу мүмкін емес»,— дейді ренішін жасыра алмай.

(19)