mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мьянма: Үкімет көтерілісшілермен келісімге келуден бас тартты

BBC: «Мьянмада рохинджалар атысты тоқтатқандарын жариялады. Бірақ ел үкіметі көтерілісшілермен келісімге келуден бас тартты»,— деп хабарлайды. Көтерілісші-рохинджалар Мьянманың солтүстік Ракхайн штатындағы (Аракан) гуманитарлық дағдарысты тоқтату үшін үкімет әскерімен қақтығысты бір айға тоқтата тұратындарын мәлімдеген болатын. «Аракан рохинджасын құтқару армиясы» (ARSA) хабарлағандай, рохинджалар бітімгерлік шарасын жексенбі күнінен бастауды жоспарлап, Мьянма әскерін де қаруды тастауға шақырған. Алайда, Мьянма үкіметі Ракхайн мұсылмандарының бұл ұсынысын қабылдамайтынын айтуда. Үкіметтің баспасөз хатшысы Зо Хтай Мьянма терроршылармен келіссөздер жүргізбейтінін мәлімдеді. Мьянмадағы жағдай 25 тамызда ARSA мүшелері бірнеше полиция бекеті мен мьянма әскери базасына шабуылдағаннан кейін ушығып кеткен болатын. Сол қақтығыста күштік құрылымдардың 12 мүшесі мен 77 көтерілісші (басқа мәліметтер бойынша шамамен 120 адам) қаза тапқан. Осы шиеленістен кейін Ракхайн аймағынан болжам бойынша 290 мың рохинджа босып кетіп, Бангладешке барып бас сауғалаған. БҰҰ мәлімдегендей, Мьянмадан кеткен рохинджаларға көмектесу үшін қайырымдылық ұйымдарына шұғыл түрде 77 млн доллар қажет болуда.

(6)