mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бұқаралық спортты дамыту — өмір талабы

Үкімет отырысында халықты дене шынықтыру мен бұқаралық спортқа баулу және спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстардың нәтижелері қаралды. Жиында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы еліміздегі бұқаралық спортпен және спорттық инфрақұрылымның қалай дамып жатқаны туралы есеп берді. Министр есебінен кейін тиісті тапсырмалар бердген ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев: «Мектептердегі спорттық инвентарлар мәселесі бойынша әкімдіктер тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуі қажет. Еліміздегі мектептердің 17 пайызынында спорт залдары жоқ. Бүгіндері әлеуметтік әріптестік негізінде көптеген спорт объектілері салынуда. Үлкен спорт залды тұрғызудың орнына барлық мектептерді спорт залдармен қамтамасыз етейік. Бұл мәселеде Исландиядан үлгі алған жөн. Оларда шағын елді-мекендерде өздерінің спорттық мекемелері бар екен. Сосын, елімізде үлкен қалаларда ғана емес, барлық жерде таланттылар жеткілікті. Таланттыларды анықтау үшін талантты бапкерлер керек. Ал талантты бапкерлер қайдан шығады? Ол еңбеқақыға байланысты. Сондықтан аталған мәселеге жіті назар аударып, балаларды жастайынан спортқа тартуымыз қажет. Бұқаралық спортты дамыту — өмір талабы әрі Елбасының тапсырмасы. Бұл мақсатқа жету үшін спорттық мектептер мен жаттығу залдары қажет. Жақында жоғары деңгейдегі жаттықтырушыларды дайындауды, спорттық медицина мен спорттық психологияға қатысты мәселелерді талқыға салдық. Сондықтан біз аталған бағыттағы жұмысымызды жалғастыра беруіміз керек. Бұл мәселеде сұрақтар көп. Құрметті әкімдер, аталған мәселені бақылауда ұстауларыңызды сұраймын»,— деп, әкімдерге жауапкершілік артты.

(112)