mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

АҚШ, Мексика: Табиғат апатының құрбандары

Рейтерс: «Ирма» дауылы қаһарына мінді. АҚШ-тың Флорида штатына дейін жеткен екпінді жел үйлерді құлатып, ағаштарды тамырымен жұлып кетті. Үш миллионнан астам үй жарықсыз отыр. Бұған дейін Кариб бассейнінде 28 адамның жан тапсырғаны хабарланған. Кешелі-бүгін тағы төрт адам ажал құшқаны туралы ақпар тарады. Билік өкілдері алты миллиондай адамды қауіпсіз жерге көшірген. Сарапшылар пікірінше, «Ирмадан» келген шығын көлемі 200 миллиард доллардан асып отыр.

Ал, Мексикадағы қуаты 8,2 баллды құрайтын жер сілкінісі салдарынан мерт болғандардың саны 90 адамға жетті. Әсіресе елдің оңтүстігіндегі Оахака штатында қаза тапқандар өте көп. Апаттан ең қатты зардап шеккен Хучитан қаласында көшелерді тазарту жалғасып жатыр. Билік өкілдері электр энергиясы жүйелерінің 90% қалпына келтірілді деп хабарлағанымен, жүздеген адам жарықсыз отыр. Бұл Мексикада соңғы бірнеше онжылдықта болған ең ірі табиғат апаты. Ел президенті Энрике Пенья Ньето үш күндік қаралы күн жариялады»,— деп хабарлайды.

(3)