mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Н.Назарбаев: Ислам әлемiне де рухани сiлкiнiс қажет

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Биыл Қазақстанда халықты өзінің тарихи бастауларына жетелейтін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асырылады. Оның аясында ұлттық сананы жаңғырту, рухани игерілетін өзекті мәселелер қолға алынбақ. Осы орайда ислам әлеміне де рухани сілкініс, жаңғыру қажеттілігі туындап отыр деген ойдамыз. Ислам әлемiне ғылым саласына көбiрек қаржы жұмсау керек. Адамзат төртінші индустриялық революция қарсаңында тұр. 2017 жылы ғылыми-техникалық және инновациялық дамуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген Ислам ынтымақтастық ұйымының елдері аз емес. Мұны ғаламдық инновациялар индексі арқылы көріп отырмыз. Ғалымдардың ізденісіне біз көмек көрсетуіміз қажет. Осы мақсатта, ұйым аясында ғылым мен технологияны дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдадық. Бүгін осы сыйлықпен марапаттаудың алғашқы рәсімін өткіземiз. Ислам қаржысын, соның ішінде оның ғылым мен инновацияны қаржыландырудағы рөлін күшейту қажет. Сондықтан ислам әлемін ауызбірлікке, қаржы саласындағы ынтымақтастықты арттыруға шақырамын.

1,5 млрд-тан астам адамды бiрiктiретiн ислам әлемi бүгiнде өкiнiшке орай ауызбiрлiк таныта алмай отыр. Содан бiз көп ұтылып отырмыз. Мұсылман арасындағы ауызбiрлiктiң жоқтығын, конфессияға бөлiнуiн сыртқы күштер өз мүддесiне пайдалануда. Бiз бұны артта қалдыруымыз керек. Әлемнiң өзге елдерi қарқынды дамып жатқанда, көптеген мұсылман елдерi көш соңында қалып отыр. Кейбiреулер ислам дүниесiнiң көп бөлiгiнiң басқа аймақтардан артта қалуы дiннiң өзiмен байланысты деп санайды. Бұл ақиқатқа мүлдем жанаспайтын тұжырым. Егер тарихқа жүгiнетiн болсақ, ислам өркениетi әлемнiң неғұрлым дамыған орталығы болды. Ол бүкiл адамзаттың өркендеуiне зор үлес қосты. Қазiргi цифрлы экономиканың үш тұғыры бар. Яғни, сандар, алгебра, алгоритм. Ол бiр ғалымға байланысты екенiн атап өткен жөн. Ол бiздiң өңiрде, Амудария сағасында 12 ғасыр бұрын туған Мұхаммед ибн Мұса Әл-Харезми. Егер де батыс әлi күнге дейiн рим сандарын қолданып келген болса, алгоритм түсiнiгiн бiлмес едi. Алғашқы тригонометриялық функцияларды ислам ғалымы ойлап тапты. Онсыз әлемдiк ғылым — математика, медицина салалары да дамымас едi. Қазiр дамудың жаңа ұйымдастырушылық сатысына өтуге бiзде мүмкiндiк бар. Оны пайдалануымыз керек. Пайғамбарымыздың хадистерiнде мынандай жолдар бар «кiмде-кiм бiлiм iздеу жолына түссе, Аллаһ тағала оның жәннатқа бару жолын жеңiлдетедi. Таң сәрiден ғылым iзденуге және оны зерттеуге шығу — жүз рәкат намаз оқудан да артық». Осыған байланысты, бiзге нақты iс-қимыл жоспары қажет. Оның шеңберiнде Заманауи даму мәселелерi жөнiнде Ислам ынтымақтастығы ұйымының арнайы кеңесiн құруға болар едi. Сондай-ақ, ортақ ғылыми- инновациялық қор құрған дұрыс деп ойлаймыз»,— деп, қазіргі таңда Мьянмада болып жатқан қақтығысқа алаңдаушылық бiлдiрді.

(11)