mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мьянма босқындарына көмек беріледі

БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Марк Лоукок: «Мьянмадан қашқан босқындарға көмек ретінде 7 млн доллар көлемінде көмек қаржысы бөлінеді. Қаржы ұйымға қарасты Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық қордан (CERF) бөлінбек. CERF – әр жерде көмекке мұқтаж адамдарға жәрдем берудің ең жедел жолдарының бірі. Қор аса қиын жағдайдағы босқындарға баспана, азық-түлік және медициналық көмек бергелі отыр. Мен басқа елдерден гуманитарлық көмекті жеткізуге кедергі келтірмеуді және Мьянмадан қашқан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамын»,— деді. Мьянма өкіметі тамыз айында болған қан қасапта өлгендердің бәрі терроршылар деп мәлімдеген. Алайда, көптеген қарапайым адамдардың да оққа ұшып және суға кетіп өлгені туралы ақпараттар бар. Түрлі мәліметтер бойынша Ракхайн штатынан көрші Бангладешке үш жүз мыңға жуық адам босып кеткен.

(6)