mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Дін туралы заңға өзгеріс енгізіледі

Алматыда өткен дәстүрлі діндер мәселесіне арналған жиында Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын: «Дін туралы заң нормаларына алғаш рет диструктивті идеологиялық және діни ағымдар, радикализм туралы ұғымдар енгізіледі. Бұдан былай неше түрлі ағымның соңынан ергендер ойына келгенін істеп, ел арасына іріткі сала алмайды. Кәмелетке толмаған жастардың жат ағымдар жетегінде кету фактілері қатаң қадағаланады. Сонымен қатар еліміздегі діни бірлестіктердің қаржылық ашықтығы да қамтамасыз етіледі. Айта кетсек, елімізде 3 мың 600 діни бірлестік тіркелген. Заңсыз неке қию мен бетті толықтай тұмшалауға тыйым бар. Талапқа бағынбағандарға 10 айлық есептік көрсеткіштен бастап айыппұл салынады. Қоғамдық жерлерде бет келбетін айқындауға кедергі келтіретін киімге тыйым салу қарастырылған. Әрине, бұлардың медициналық себептермен, мәдени іс-шараға қатысу, қызметтік бабында бетперде киюге мәжбүр кісілерге қатысы жоқ»,— деп мәлімдеді.

(47)