mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Біздегі дәрi-дәрмек көршi елдерден 4 есе қымбат

Дүниежүзілiк денсаулық сақтау ұйымы атқару комитетінің мүшесі, профессор Мақсұт Құлжанов: «Еліміздегі дәрі-дәрмек бағасы көрші елдерден 4 есе қымбат. Соған бір мысал, осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда АИТВ-ға (адамның иммун тапшылығы вирусы) шалдыққан бір адамды емдеуге 2500 доллар жұмсалса, оған Өзбекстанда — 250 доллар, ал Малайзияда — 180 доллар кеткен. Иә, соңғы екі жылдың ішінде біздегі баға 800 долларға төмендеді. Дегенмен, соның өзі көрші елдермен салыстырғанда үш-төрт есе қымбат болып тұр. Дәрі-дәрмектердің бағасын төмендету арқылы емдеу шараларымен науқастарды көптеп қамтуға болады. Мәселен, бұрын АИТВ шалдыққан бір адамға 2500 доллар жұмсалса, қазір тура осы ақшаға үш адамды емдеуге мүмкіндік бар. Бүгінгi таңда дамушы мемлекеттерде дәрі-дәрмектердің қымбатшылығы анық байқалады. Тіпті, дамыған мемлекеттерге қарағанда қымбат болып тұр. Ал сапасы сын көтермейді. Ондай баға экономикаға да, xалықтың әл-ауқатына да сәйкес келмейді. Оған қоса, жалған дәрі-дәрмектер де аз емес»,— дейді.

(7)