mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Айбек — «Әлем Барысы» атанды

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткен қазақ күресінен «Әлем Барысы» абсолютті біріншілігінде Шығыс Қазақстан облысының тумасы Айбек Нұғымаров жеңімпаз атанды. Айбек ақтық финалда дзюдодан Еуропа чемпионы грузин балуаны Гурман Тушишвилимен белдесті. Атағынан ат үркетін азулы қарсыласын жамбас әдісіне салып лақтырып, таза жеңіске қол жеткізген Айбек өзінің бадер бабында екендігін кезекті рет дәлелдеді. Осылайша 2014 жылы өткен «Әлем Барысының» финалисі болған ол биылғы чемпионатта да білгеніне жаңылмай, алтын белбеудің иегері атанды. Ал күміс белбеуді Айбекке ғана есе жіберген грузин балуаны еншіледі. Моңғолия қазағы Серік Бердімұратұлынан басым түскен қазақ балуаны Ержан Шынкеев қола жүлдегер атанды. Алтын белбеу иегері Айбек Нұғымаровқа 15 миллон теңге сыйақы табыс етілсе, күміс жүлдегер 5 миллион, қола белбеу иесі 3 миллион теңгеге байып қалды.

(16)