mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

КХДР: Кезекті ядролық сынақ

КХДР-дың кезекті ядролық сынағынан кейін, АҚШ алғаш рет әскери қақтығыс туралы ауыз ашты. Солтүстік Кореяның кезекті зымыранының қуаты күшті болғаны сонша, тіпті зілзала туғызды. Пхеньянның сутек бомбасын сынақтан өткізу АҚШ пен Солтүстік Корея арасында текетірес күшейтуге түрткі салатын сыңайлы. Бұл жолғы оқиға ашуына тиген Ақ үй қожайыны Дональд Трамп: «АҚШ барлық жолдарды қарастырады. Солтүстік Кореямен кәсіпкерлік ынтымақтастықта отырған елдермен сауда нарығын үземіз. Санкциядан бөлек, бұл мәселені әскери қақтығыспен шешуден де тайынбаймыз», — деп басып айтты. Трамптың бұл мәлімдемесі жаңа соғыс отын тұтата ма деген қауіпті күшейтті. Бірақ қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев: «Менің ойымша, Солтүстік Кореяға қатысты оның өжет әрекеттері, өзінің рейтингін, имиджін американдықтардың алдында көтеру мақсатында жасалып отыр. Дональд Трамп бұл жерде жаңашылдық әкелген жоқ, ол барлық АҚШ президенттері сияқты әрекет етіп жатыр. Егер ішкі саясатыңды құтқарғың келсе, сыртқы жауыңды тап. Сосын соның арқасында ел алдында ұпай жинап қал деген дүние тұр бұл жерде. Мұның барлығы америкалықтарды өзіне көңіл аударту үшін жасалып жатқан қадам. Рейтингі төмендеген президенттің көздегені — осы. Ал қазір ол мұны Солтүстік Корея мен Иранның арқасында жасап отыр», — дейді.

(7)