mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жекеменшік банктерді қаржыландыруды доғару қажет

ҚР Парламентінің үшінші сессиясын ашу кезінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Соңғы кезде цифрландыру, елдің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері өзекті болып отыр. Сондықтан да Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Үкіметке бұл бағыттағы шаралармен айналысу керек. Бұл мәселе мемлекет қауіпсіздігі үшін қауіпті іске айналуда, жалпы мұндай жағдай өзге елдерде де байқалуда. Алпауыт мемлекеттер оның зардабын көріп те отыр. Ұлт жоспарында ақпараттық қоғамды дамыту бойынша нақты мақсаттар қойылған, заң жобасы қаралып жатыр. Алайда бұл мәселенің басқа да тұстары бар.

Тек соңғы үш жылда интернетте құқыққа қайшы контент көлемі 40 есеге өсті. Ендеше, бізге Қазақстанның сенімді кибер қалқаны қажет. Біз оны құру қадамдарын кейінге қалдыра алмаймыз. Осы орайда еліміздің мүддесін, мәдениетін, құндылықтарын қорғауымыз керек. Қазіргі заманғы әлемдік соғыстар әскери техникамен немесе сарбаздармен емес, соңғы буынды технологияға сүйенген ғаламтор желісімен жүргізіледі. Қорғаныстық аэроғарыштық өнеркәсібіне ерекше назар аудару керек. Саланы дамыту үшін тиісті министрлік құрылды. Қажетті келіссөздер жүргізілуде. Бұл министрліктің жұмысын толыққанды жүргізуге мүмкіндік беретін заң жобасы биыл Парламентке енгізіледі», — деді. Бұдан басқа Елбасы министрлікке аталған мәселенi толық қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, жауапты органдарға «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды, салық саясатын, жекеменшiк банктердiң жұмысын жетiлдiрудi, дәрi-дәрмек бағасын реттеудi тапсырды.
«Банктердің барлығы да жекеменшік. Жұмыс істегенімен, жетекке алуға тура келетіндей жағдайға түсті. Енді мемлекет тағы қаржыландыруда. Мұны тоқтату керек, ең дұрысы бұл банктерді жойып, оларға төлегенше өзімізге алған жөн. Өзі жұмыс істеп, пайда тауып отырған жекеменшіктерді біз не үшін субсидиялауға тиіспіз? Қазір басқа жүйе. Барлығы да егер сен жекеменшік болсаң, онда толықтай өзің жауап беретіндігін түсіну қажет. Банкрот па, онда банкрот, тиімді жұмыс істей алмайсың деген сөз. Дәл осы жолға түсейік. Өйткені бізде басқа жол жоқ. Есесіне Ұлттық банктің құзыретін айтарлықтай кеңейту қажет», — деп қадап айтты Елбасы.

(8)