mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 25 667 теңге

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарламасына сәйкес, 2017 жылдың тамыз айында Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 25 667 теңгені құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 5 %-ға көп. Биылғы тамыз айында негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормасымен есептелген төменгі күнкөріс деңгейінің (ТКД) мөлшері 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 19,3 %-ға, тамыз айымен салыстырғанда 8,8 %-ға артқан. Төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында ет пен балық сатып алу шығындарының үлесі 19,3 %-ды құраса, жеміс-жидек пен көкөністер — 16,3%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа — 14,5 %, нан және жарма өнімдері — 7,5 %, қант, шәй, дәмдеуіштер шығыны 2,4% көрсеткен.

(47)