mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бес күндік оқу аптасы қай мектептерге енгізіледі?

Бұл сауалға қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігі: «5 күндік оқу аптасын енгізудің негізгі мәні — балаларымызға 2 күндік демалыс беру. Министрлік әр мектептің сабақ кестесін белгілеп, бекітуге араласпайды, бұл мәселені әрбір мектеп өздігінен шешеді. Жоғары сыныптар жағдайына келер болсақ, гимназия-лицейлерде үйірмелік және жобалық жұмыстар көлемінің біршамасын сенбі күндерінде жүргізуге мәжбүр болады. Бұндай жағдайда біз сенбі күндеріне күрделі пәндерді қоймай, мәселен, дене шынықтыру, бастапқы әскери дайындық бойынша сабақтар мен үйірмелік жұмыстар, байқаулар мен экскурсиялар өткізуді ұсынамыз. Соған байланысты біз 5 күндік оқу аптасының енгізілуі үшін барлық жағдайды жасауға талпынып отырмыз. Ерекше атап өтер жайт — оқу жылының ұзақтығы өзгермейді, яғни ол қыркүйекте басталып, 25 мамыр күні аяқталады. Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап, сабақ ұзақтығы 40 минут болмақ. Мұндай тәртіп Назарбаев зияткерлік мектептерде қалыптасқан. Демек, 40 минуттық сабақ кестесінде күніне 30 минут уақыт босайды. Сондықтан қосымша сабақ қосылған жағдайдың өзінде оқушылар мектепте әдеттегіден тек 10 минут артық өткізіп, жүктемесі айтарлықтай өзгермейді. Сондай-ақ, оқу бағдарламалары мен әрбір пәнді меңгеруге бөлінген сағаттар саны өзгермейді. Жаңа санитарлық ережелер бойынша мектептердің 1-11 сыныптарында 5 күндік оқу аптасын енгізуге рұқсат беріледі. Бұл жалпы орта білім беретін және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің барлығына да қатысты. Гимназиялар мен лицейлердегі жағдай біршама күрделірек.

(433)