«Astana Vine Fest 2017» фестивалінің жеңімпаздары кімдер?

Алғашқы «Astana Vine Fest 2017» фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Қазақстанның «Batyroff», «Yurframe», «Nagimuwaa», «ХаХа_Show» секілді белгілі вайнерлері 5 аталым бойынша алдын ала берілген тақырыптарда өз жұмыстарын (вайндарын) ұсынды. Фестивальдің ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.

— Біз «Astana Vine Fest 2017» вайнерлердің алғашқы фестивалі жастардың қызықты жобалары ішінде өз орындарын алатынына сенгіміз келеді. Астана қаласы әкімдігінің атынан фестивальдің барлық қатысушыларына алғыс білдіремін. Бүгін біз үлкен креативті жұмыстардың куәгері болып, лайықты қатысушылар жеңімпаз атанады деп ойлаймын, —деді Ермек Аманшаев.
Бірінші вайнерлер фестивалінің әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаздары төмендегідей: Т_Jokers — «Жылдың үздік ролигі», Meirzhan_Bas_Production — «Үздік ер рөлі», Nagimuwaa — «Үздік әйел рөлі», Azimakula — «Үздік эпизодтық рөл», Togy_Dell — «Халық таңдауы».
Фестиваль жеңімпаздарына естелік сыйлықтар мен фестиваль демеушілерінен 300 мың теңге көлемінде ақшалай жүлделер табысталды.

(6)