mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Әйелдер арасындағы Қазақстанның алғашқы әлем чемпионы

Кәсіпқой бокс: Астанада «ЭКСПО — 2017» көрмесінің Амфитеатр сахнасында кәсіпқой бокстан әйелдер арасындағы 10 раундтық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Фируза Шарипова болгар қызы Милена Колеваны айқын басымдықпен жеңіп, әйелдер арасында кәсіпқой бокстан Қазақстаннан шыққан алғашқы әлем чемпионы болды. Бұрымды арулар WIBA және WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына таласқан болатын. Осылайша, он раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласынан басым түскен Фируза жеңіл салмақта екі тұжырым бойынша Әлем чемпионы атанды. 22 жастағы Фируза кәсіпқой бокста 8 кездесу өткізсе, соның біреуінде ғана жеңілген.

(11)