500 балаға балмұздақ және мөлтек фильм

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласының меценаттары қайырымдылық акцияларын қолдау бойынша бірқатар шаралар атқаруда.

Осы орайда, Бағдарламаның негізгі басымдықтарын қолға алу мақсатында Әуезов ауданында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен және Әуезов ауданы ішкі істер басқармасында тіркеуде тұрған қолайсыз отбасылардағы балаларға демеушілер тарапынан 350 дана мектепке арналған үлгі киімдері және 1150 дана оқуға қажетті құралдармен жабдықталған оқушылар сөмкелері алынды. Көрсетілген көмектін барлық қаражат сомасы 10 000 000 теңгені құрады.
Бүгінгі таңда «Вi Grоup» компаниясы 100 дана мектеп оқушыларына арналған үлгі киімдері және 500 дана оқуға қажетті құралдармен жабдықталған оқушылар сөмкелерін, мәслихат депутаттары және Angelcher тігін фабрикасы 170 дана мектеп оқушыларына арналған үлгі киімдері және 260 дана оқуға қажетті құралдармен жабдықталған оқушылар сөмкелерін, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы және демеушілер тарапынан 80 дана мектеп оқушыларына арналған үлгі киімдері және 290 дана оқуға қажетті құралдармен жабдықталған оқушылар сөмкелері таратылды. Мектепке алғашқы рет баратын 500 балаға арналып «Сары арқа» кинотеатрында мультфильм көрсетіліп, тегін балмұздақтар таратылады.
Қуанышев Бекжан

(1)