Қош келдің, баба!

Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы оның тарихи отаны Егіндібұлақта салтанатпен өтті. Тойға Түркиядан, Қытайдан, Монғолиядан, Германиядан, Қырғызстаннан, Ресейден қадірлі қонақтар — қандастарымыз келді.

Ұрпағың үшін бақыт шақ,
Қауышып, көңіл бір тынды.
Үш жарым ғасыр уақыт сап
Көрдің бе, баба, жұртыңды.

Тәуелсіз елміз бұл күнде
Кең байтақ қазақтың жері.
Бөгелмеген ілкуде,
Келеміз басып ілгері.

Тойыңа жетті андыздап
Бауырлар төрткүл түркіден.
Балқантау сенсіз жалғыз қап,
Жалғыздық көрмей ілкіден.

Сыңсысам сыңар аққуша,
Жұбатар сенсің, табар ем.
Оңаша қалар сәт туса,
Мұңымды саған шағар ем…

Еңбектің түбі құт десіп
Көркейіп едік, бақ дарып,
Жабылып аудан, жұрт көшіп,
Аз-аздап… тұрмыз дағдарып.

Жайылып қайта кереге,
Шыға ма тегі бір батыр.
Шаңырақ қайтып келе ме,
Дүние қазір сында тұр.

Қош келдің, баба,
Қош келдің, баба!

Рахметолла Қайыр

(11)