mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Сабаққа көлікпен барсаң, оқудан шығасың

Centralasian.org: «Тәжікстан парламенті депутаттары президенттің білім беру жөніндегі заңға ұсынған өзгерістерін бірауыздан қолдады. Оған сәйкес, студенттер мен мектеп оқушыларына оқу орнына көлікпен баруға тыйым салады», — деп хабарлайды. Тәжікстанның білім және ғылым министрі Нуриддин Саидтың айтуынша, ережені бұзған жағдайда студенттер ЖОО-дан үш жылға шеттетіледі. Осыған дейін Тәжікстанның білім министрлігі ресми сайтында оқушылардың киім киюге қатысты талаптарын жариялаған. Бұл ережеге сәйкес оқушыларға төмендегі киімдерді киюге және заттарды пайдалануға тыйым салады: хиджаб; тар, жыртық джинсилер, (джинсиді тек қыста киюге рұқсат беріледі); қысқа және тар белдемше; жарнамасы бар футболкалар; спорт киімдері (дене шынықтыру және сенбілік кезінен басқа); құлаққа бірнеше сырға тағу; макияж; тырнақты өсіру; сақал өсіру; татуировка жасау. Ал ұлттық киімдер мен тақия киюге рұқсат беріледі. Осы тыйымдар ішінде бізге сәйкес келетіндері де бар сияқты, соларды неге алмасқа?

(35)