mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

Қызылша сорпасы

Құрамы: 650 грамм қызылша
5 шай қасық зәйтүн майы
1 пияз
2 сарымсақ
Тұз және бұрыш
1 апельсиннің жартысы
1 литр көкөніс сорпасы
4 ас қасық кілегей
4 ас қасық йогурт
4 ас қасық туралған аскөк
Дайындау тәсілі: Қызылшаны тазалап, фольга қағазына орап, 200 С-да қыздырылған пешке салып, 1 сағат пісіреміз. Содан соң, қабығынан тазалап, майдалап турау қажет.
Табаға зәйтүн майын құйып қыздырып, сарымсақ пен пиязды қуырамыз. Үстінен туралған қызылшаны салып, қалауыңызша тұз және бұрыш сеуіп, араластырамыз. 5 минуттан соң барлығын табаға салып, түрлі көкөністер қайнатып, дайындалған сорпаны, апельсин шырынын құямыз. Табаның қақпағын жауып, 10 минут баяу отта қайнату керек. Дастарханға апарарда сорпаға кілегей, йогурт қосып, туралған көк пиязбен немесе аскөкпен әрлеңіз.
Асыңыз дәмді болсын!

(54)