Т.Кроуфордтың тамаша жеңісі

АҚШ-тың Небраска штатындағы Линкольн қаласында бокс кеші өтіп, ондағы басты жекпе-жекте WBC және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Теренс Кроуфорд пен IBF, WBA Super нұсқалары бойынша әлем чемпионы Джулиус Индонго кездесті. Кроуфорд қарсыласын екінші раундта-ақ нокдаунға жіберген. Бірақ, Индонго түрегеліп, айқасты қайта жалғастыра алғанымен келесі раундта қарсыласының ауыр соққысынан кейін тағы сұлап түсті. Төреші тоғызға дейін санап болғанша Индонго орнынан тұра алмады. Сөйтіп, Теренс Кроуфорд бәске қойылған бірінші орта салмақтың барлық титулын иеленді. Бұған дейін мұндай жетістікке төрт боксшы ғана қол жеткізген-ді, олардың арасында Бернард Хопкинс пен Джермейн Тейлор да бар.

(0)