mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Кәсіпқой бокс: Әли — әлем чемпионы!

АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында өткен жекпе-жекте қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атанды.

Жартылай ауыр салмақта бокстасатын Ахмедовтың қарсыласы 23 жастағы әлі жеңіліс дәмін татып көрмеген америкалық Кертис Хилл болатын. Тоғыз раундқа белгіленген кездесудің төртінші раундында Ахмедов қарсыласын нокаутқа жіберді. Бұған дейін жеңіліп көрмеген Ахмедовтың бұл кәсіпқой рингтегі сегізінші жекпе-жегі. Оның алтауын Әли нокаутпен жеңген.

(8)