Гепатитке қарсы айлық өтті

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне орайластырылған 2017 жылдың 24 шілдесі мен 28 тамызы аралығында айлық өткізілді.
Айлықтың мақсаты — вирустық гепатитті жұқтырудың және олардың таралуының алдын алу бойынша шаралар туралы халықты ақпараттандыруды арттыру, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрбір ересек адамның өз денсаулығы мен балаларының ден-саулығына ортақ жауапкершіліктерін қалып-тастыру. Миллиондаған адам вирустық гепатитпен өмір сүрсе, ал басқа миллиондаған адам оны жұқтыру қаупіне ұшырайды.
Осы орайда Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «Құлагер» бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығы» осы іс-шараларды атқару үшін Құлагер ықшам ауданының тұрғындарымен және емхана қызметкерлерімен және осы ауданда орналасқан балабақша қызметкерлеріне тақырыпқа сай семинар-тренингтер өткізді. Халық көп шоғырланатын «Магнат» сауда үйінде акция, түсіндірмелік жұмыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар емханада инфекционист, жалпы тәжірибелік дәрігер, көз дәрігері, невропотолог, хирург және басқа мамандардың қатысуымен ашық есік күні өткізілді.
Алдын алу шаралары:
Жеке бас гигиенасын сақтау:
Қайнатылған немесе өз шөлмегіңдегі суды ішу. Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннен кейін қолыңызды сабындап жууды әдетке айналдырыңыз. Медициналық ұйымдарда, косметикалық салондарда, шаштараздарда медици¬налық құрал-саймандардың, көп рет қолданылатын піспектердің стерилизациялық режимін сақтамаудан, инъекцияларды жиі қолданатын наркотиктердің арасында залалсыздандырылмаған піспектерді қол¬дануларынан, жыныстық қарым-қатынастан В вирусты гепатитінің жұғу қаупі туындайды. Тиімді профилак¬тикалау іс-шаралары: В вирусты гепатитке қарсы вакцинациялауды жүргізу. 1998 жылдан бастап перзентханаларда жаңа туған нәрестелерді егу жүргі¬зіліп келеді. Ата-аналар, егер балаларын уақытылы ектірмесе, онда В вирусты гепатитті жұқ¬тыру қаупінің алдын алмай, керісінше уақытты ұттырып, баланың болашақ өміріне қауіп төндіруі ықтимал.

Қ.М. Хасенов,
Жетісу аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы басшысы

Ұ.С. Умарова,
БМСККО «Құлагер»
директордың м.а.

(21)