mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Алда жүргізушілерді жаңа айыппұл күтіп тұр

Биылғы шілде айының ортасынан бастап Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер өз күшіне енеді. Аталған кодекске ел Президенті 2017 жылдың 4 шілдесінде қол қойды. Осыған орай мынадай жазалар жеңілдетілмекші, атап айтқанда: Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен үш АЕК-ға азаяды. Ал бір жыл ішінде тағы да тәртіп бұзған адам 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. 613 баптан полицейлердің рұқсатынсыз автокөлік салонынан түсіп кететін жолаушыларға қатысты жаза алып тасталынады. 46 бапқа көлікке мас күйінде отырған мүгедек адамдарды көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы тармақ қосылды. 596 баптың «бұрылыс және айналым» атты 3 тармағына бұдан былай тек қарсы бағытқа шыққан автокөліктер ғана емес, тұтас сызық арқылы айналым жасағандар да қарсы жолаққа шыққан деп есептеледі. Медициналық тексерістен өтуден бас тартқан (613 бап) және көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілер бұдан былай екі жылға емес, үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылады деген өзгерістер енгізілді.

(246)