Әуесқой бокс: 6 боксшымыз — Азия чемпионы!

Филиппинде бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық 6 боксшы алтын медальға ие болып, ел құрамасының командалық есепте Азия біріншілігінде көш бастауына мүмкіндік жасады. Жалпы құрлықтық дода финалына қазақстандық 8 бірдей боксшы шыққан. Солардың ішінен Махмұд Сабырхан (42 кг), Бейбарыс Жексен (52 кг), Айтжан Әшірхан (54 кг), Ерасыл Жақпеков (70 кг), Қуандық Мақсұт (75 кг), Сағындық Тоғамбай (80 кг) Азия чемпионы атанса, Ақылбек Мұхтаров (46 кг) пен Бекзат Ерімбет (60 кг) күміс еншіледі. Одан бөлек тағы да екі боксшымыз — Талғат Сырымбетов (50 кг) пен Арнұр Ахмеджанов (+80 кг) қола медальге ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте көш бастады. Екінші орынға Өзбекстан құрамасы, ал үшінші орынға жапон боксшылары жайғасты.
Бетті дайындаған —
Ермек Сахариев

(15)