Қанат Исламның жекпе-жегіне асық, көрермен!

9 қыркүйек күні Астанада өтетін Қанат Ислам мен Брэндон Кук жекпе-жегінің билет құнын жария еткен ұйымдастырушылар дерегі бойынша бұл жолғы бокс шоуының билет бағасы 2000, 5000, 7000 және 10000 теңге тұрады. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук қолғап түйістіреді. Боксшылар кешінің андекартында рингке қазақстандық боксшылардан Жанқош Тұраров, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Али Ахмедов, Жәнібек Әлімханұлы, Димаш Ниязов, Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жанабаев та шықпақ. Ұйымдастырушылар билеттерді төмендегі сауда нүктелерінен сатып алуға болады деп хабарлайды:
1. «Керуен», Достық 9.
Байланыс нөмірі: +7 778 544 27 62
2. «Мечта», Республика даңғылы, 45.
Байланыс нөмірі: +7 778 544 27 63
3. «BiletiAstana.kz» кеңсесі, Жеңіс даңғылы, 34. Байланыс нөмірі: +7 778 347 88 01
4.«Астана Арена» касса, Тұран даңғылы, 54. Байланыс нөмірі: +7 778 347 88 01.

(18)