Кәсіпқой бокс: Ең арзан билет құны — 400 мың теңге

Геннадий Головкин Сауль Альвареспен өткізетін жекпе-жегінің VIP билетін өзінің командасы мен достарынан, Life in Motion Group-тағы серіктестерінен сатып алуға болатынын өзінің «твиттер» парақшасында жазған көрінеді. Айта кетерлігі, Life in Motion Group компаниясы Головкин командасымен бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол GGG айқастарына VIP-рұқсаттама ұйымдастырумен айналысады. Бір адамға арналған ең арзан VIP-билеттің бағасы 1250 доллар. Ол теңгеге шаққанда 416 260 теңге. Ал ең қымбаты 7 490 доллар тұрады. Теңгемен 2 жарым миллион теңгеге жетеғабыл. Бұл қымбат билетке ең жақсы орындар, GGG командасы тоқтайтын қонақүйден орын, әуежайға және әуежайдан трансферлер, GGG-ден фирмалық сыйлық жиынтығы және қолтаңба қойылған эксклюзивті қолғаптар кіреді. Жерлесіміз Головкин мен мексикалық Альварестің жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

(75)