mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

Аллергиядан қалай құтыламыз?

Жазды күнгі шаң-тозаңнан, шөптен, қаладағы тозаңнан және тағы да басқалардан аллергияңызды қоздырып аламын деп қорқатындардың қатарынан болсаңыз, төмендегі кеңестерімізге құлақ асыңыз:

Сүттен жасалған тағамды рационыңыздан шығарыңыз
Себебі сүтті біздің ағзамыз оңай қабылдай алмайды. Бұл лактозадан емес (сүт қанты), сүт ақуызына байланысты. Ол әрең ыдырайды. Ас қорыту процесінде ол пептидтерге бөлінбесе, оны біздің иммундық жүйеміз қатер ретінде қарастырады. Осыған байланысты ағза аллергиялық реакциялар туғызады немесе бұған дейін бар болған шөпке, тозаңға және сол сияқты қоздырғыштардың аллергиясын күшейтеді.

Глютен және сол сияқты төзе алмайтын өнімдер рационынан бас тартыңыз
Мұнда да алдыңғы пункттегідей. Жүргізілген көптеген зерттеулердің қорытындысы ас аллергиясы мен аллергияның қалған түрлерінің байланысын растап отыр. Әрең қорытатын азық-түлігі бар тағамды ішудің кесірінен, сіз өзіңізді автоматты түрде қатер тобына қосасыз. Сүт пен құрамында глютені бар өнімдерден бірінші кезекте арылыңыз деуімнің себебі не? Себебі дәл осы өнімдер адамзаттың әрең қабылдайтын тағамының қатарында көш бастап тұр. Мұнда да қиын қорытылатын дәнді ақуызға байланысты. Сондықтан да глютен жаппай сынға ұшырап отыр.

Көбірек ананас жеңіз
Ананаста бромелайн заттегі бар. Бұл ас қорыту энзимі, ол бізге сүт пен глютенді қажетті көлемге дейін бөлуге көмектеседі, бұл дегеніңіз аллергияны жеңілдетеді немесе тіпті де жойып жібереді деген сөз. Бромелайн ананастың дәл ортасында болады.

(29)