mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Әлемдегі ең қымбат автотұрақ Астанада

КТК арнасында хабарланғандай, Астанадағы Н.Назарбаев атындағы әуежайдың автокөлік тұрағы төлемақы бағасы жөнінен әлемдегі ең қымбат паркинг ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кіруі ғажап емес. Мұндағы су жаңа терминалда темір тұлпарын байлап кететіндерге тәулігі екі мыңдық жабық паркинг бар болса, әуежай ғимаратынан алшақтау жерде тегін тұрақ та қарастырылыпты. Бірақ көп тұрғындардың уақытша автотұрақтан ауыздары күйгенге ұқсайды. Оның құны алғашқы жарты сағаты тегін, бір сағаты 300, екі сағаты 400, ал 7-8 сағаттан артыққа қалса, сағатына 1500-ден 2500 теңгеге дейін. Әлгі жерде көлікті бір айға тастап кетсең, осы уақыттан кейін терминалға 1,5 миллион теңге төлеуіңе тура келеді. Тұрғындар: «Тегін тұрақ туралы естісек, құлағымыз керең болсын. Онда кірсең, сенің алдыңнан алдымен ақылы автотұрақ туралы мәлімет шығады», — деп, азарда-безер болады. Қала әкімдігіндегілер бұған хабарландыруды оқымайтын жүргізушілердің өзін кінәлап отыр. Бір қызығы, қатардағы жүргізушілерге жылы қабақ танытпайтын әкімдік әртістердің алдында құрдай жорғалап, солардың танымалдыларына 102 мың теңгеден басталатын қымбат айыппұлды кешіре салыпты. Бір анығы, автотұрақ үшін әуежайдағы баға өзгермейді. Енді қалта қалың болмаса, нысанға көлікпен бару мүлдем тиімсіз. Оның үстіне тегін деп жар салған тұрақта орын бола қоймайды екен.

(17)