mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қостанай тұрғындарының газ үшін артық төлеген 300 млн теңгесін «ҚазТрансГазАймақ» қайтарып береді

Қостанай облысының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің өкілдері: «Қостанай тұрғындарының газ үшін артық төлеген ақшасын «ҚазТрансГазАймақ» қайтарып береді. Акционерлік қоғам қолданып келген түзету коэффициенті заңсыз болып шықты. Түзету коэффициентінің бұл әдістемесін компания 2012 жылы енгізген. Осы кезеңнен бастап есептегіш құралдары сыртта орнатылған тұтынушыларға ауа температурасына байланысты төлемақы қолданылған. Облыстық ТМР және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Жалғасбаев: «Акционерлік қоғам Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында түзету коэффициенттерін заңсыз енгізген. Сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Комитет тексерісі бойынша қабылданған сот шешімі заңды күшіне енді. Комитет компанияға артық төленген ақшаны қайтару жөнінде нұсқау берді. Облыстық прокуратураның мәліметінше, ол 269 миллион теңгені құрайды», — дейді.

(14)