mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

«Қазақстан қор биржасы» басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк: Доллар 400 теңгеге көтерілмейді

Алматыда өткен баспасөз жиынында «Қазақстан қор биржасы» басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк: «Бүгіндері «Brent» маркалы қара алтынның құны барреліне 52 долларға төмендеді. Егер мұнай бағасы азын-аулақ құбылған жағдайда да, бұл доллар мен теңге бағамына айтарлықтай әсер етпейді. Сондықтан халықтың жуырда теңге құнсызданады деп дүрлігуіне негіз жоқ. Девальвация болады деген қауесет те негізсіз. Қазір нарықта көк қағазды сатып алу мен сату көлемі 84,2 пайызға төмендеді. Осыдан-ақ қорытынды шығаруға болады. Жедел валюталық келісімшарттар нарығы жанданып келеді. Шілде айындағы сауда көлемі 5 миллиардты құрады. Оның алдындағы маусым айында валюталық келісімшарттар мүлдем жасалмаған болатын. Егер фьючерсті теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамын болжайтын құрал ретінде қарайтын болсақ, онда қыркүйек айында 1 көк қағаздың құны 328 теңгеден 332 теңгеге дейінгі аралықта болады. Доллар 400 теңгеге дейін көтеріледі деген — бос сөз», — деді.

(14)